ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕНТАУДА ЗАМАНУИ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Рейтинг
13.12.2025, 17:25
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕНТАУДА ЗАМАНУИ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

       Кентау қаласында заманауи спорт кешенінің құрылысы басталды.

       Кентау қаласында заманауи спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Бүгінде нысанда іргетас құю, темір бағаналардың қаңқасын орнату және кірпіш қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

       Замануи спорт кешені 2 қабатты. Мұнда үлкен әмбебап спорт залы, күрес және бокс залдары, шығыс жекпе-жектеріне арналған және көркем гимнастика залы, киім ауыстыратын бөлмелер, жуынатын және санитарлық және қызметкерлерге арналған бөлмелер қарастырылған. Кешен толық пайдалануға берілгеннен кейін 1000-ға жуық спортшы жаттыға алады деп жоспарлануда.

       Қала әкімі Жандос Тасов құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Қала әкімі нысанның алғашқы кірпішін өзі қалап, құрылысшыларға жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

     Бүгінгі таңда спортпен және дене шынықтырумен 8 миллионнан астам Қазақстан азаматы шұғылданады. Бұл ел халқының 41,4% құрайды. Мемлекет бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 50% - ға жеткізуді көздейді. Қазірдің өзінде тұрақты шұғылданушы балалар мен жасөспірімдердің үлесі 30% - дан асады. Мемлекеттік спорттық тапсырыс бағдарламасының ауқымы кеңейіп жатыр: 4 жастан 17 жасқа дейінгі 240 мыңнан астам бала 7 мыңнан астам спорт секцияларына тегін барады.

        Жыл сайын миллионға жуық адамды қамтитын 25 мыңнан астам спорттық іс-шара ұйымдастырылады.

        Ұлттық мәдени құндылығымыздың бірі ретінде ұлттық спорт түрлеріне ерекше назар аударылады. 2024 жылдың есебі бойынша 670 мыңға жуық адам жүйелі түрде айналысады. Еліміз бойынша 16 555 үйірме, 15 балалар-жасөспірімдер мектебі, 17 клуб пен мамандандырылған орталық жұмыс істеп жатыр. Ең танымал түрлері – қазақ күресі, көкпар және тоғызқұмалақ. Қазақстан Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 112 медаль (43 алтын, 32 күміс, 37 қола) еншілеп, айқын көшбасшысы екенін көрсетті.

 

     Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Мәжіліс пен Сенаттың мақұлдауынан өткен «Дене шынықтыру және спорт туралы» жаңа заң жобасы әзірленді.

         Сонымен қатар, вертикальды басқару жүйесіне көшу жүзеге асырылады. Министрліктің құрылымына 33 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 19 олимпиадалық резервті дайындау орталығы, 14 интернат-колледж беріледі. Министрлік тарапынан 8 республикалық федерацияның президенті мен 11 өңірдің спорт басқармаларында жаңа басшылар келісілді. Әкімдіктердің тиімділігін бағалау үшін KPI жүйесі әзірленіп жатыр.

         Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанда 25 мыңнан астам спорт нысаны тіркелген. 2024 жылы еліміз бойынша 90 спорттық нысан салынды. Оның  29-ы қалаларда, 61-і ауылдық жерлерде. Ауқымды инфрақұрылымдық жобалар бойынша Түркістанда ескек есу каналы, Өскеменде үстел теннисі академиясы, Шығыс Қазақстан облысында жабық стадион мен оңалту орталығы, Щучинск қаласында шаңғы базасының үшінші кезеңінің құрылысы жүріп жатыр. 2025 жылдың соңына қарай Ұлттық дене шынықтыру және спорт университетін ашу жоспарланған.

       Саланы цифрландыру маңызды бағытқа айналды. 2025 жылдың соңына дейін спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілер мен әдіскерлердің бірыңғай тізілімін, спорттық іс-шаралардың электрондық күнтізбесін және спорттық инфрақұрылым объектілерінің тізімін қамтитын e-спорт цифрлық платформасы енгізілетін болады. Бұл жүйені енгізу спорт саясатындағы барлық элементтердің ашықтығын, қамту ауқымын бақылау мен тиімділігін қамтамасыз етеді.

        Қазақстан халықаралық аренада қол жеткізген жоғары нәтижелерін арттырып жатыр. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық командалар 1 206 медальға қол жеткізді. Оның 1 086-сы (399 алтын, 341 күміс және 346 қола) олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлеріне тиесілі. Параспорт бойынша қоржындағы медаль саны – 120. Паралимпиадалық дисциплиналардан 56 медаль (16 алтын, 20 күміс, 20 қола), сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлерінен 64 медаль (30 алтын, 17 күміс, 17 қола) еншіледі.

 

 

Сұхбат

PhotoRoom