ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: САЙРАМДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БЕКЕТІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Рейтинг
13.12.2025, 17:30
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: САЙРАМДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БЕКЕТІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

        Сайрам ауданындағы жедел жәрдем бекеті жаңартылды.

        Сайрам ауданы бойынша жедел медициналық жәрдем қызметінің №22 Ақсукент бас бекетінде реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, бүгін салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.

       Ашылу салтанатына Сайрам ауданының әкімі арнайы қатысып, медицина қызметкерлерін құттықтады. Сонымен қатар осы салада аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар мамандар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

      Жедел жәрдем бекеті үнемделген бюджет қаражаты есебінен және демеушілердің қолдауымен жаңғыртылды. Нәтижесінде аудан аумағындағы барлық бекеттердің бақылау және үйлестіру жұмыстары күшейтілді.

       Айта кетейік, Сайрам ауданында жедел медициналық жәрдем қызмет көрсету радиусы 100 шақырымды құрайды. Ауданда 3 кіші бекет, 6 дислокациялық пост және 21 жедел жәрдем бригадасы қызмет атқарады. Соның ішінде, Ақсукент бекетінде 13 бригада, жалпы саны 180 қызметкер жұмыс істейді. 20 дәрігер, 101 фельдшер және 59 жүргізуші бар. Қазіргі таңда бас бекет заман талабына сай жабдықталып, барлық қажетті заманауи құралдармен толық қамтамасыз етілген.

      Президент Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керектігін ұнемі айтып келеді. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының 540-ы салынды. 2025 жылдың соңына дейін қалған 115 нысан іске қосылады. Барлық құрылыстар қаржыландырумен қамтамасыз етілген, ал аудандық ауруханаларды жаңарту 2026 жылы да жалғасады. Сонымен қатар 12 заманауи перинаталдық орталық салынуда. Бірінші нысан Астанада салынып жатыр, биыл Шымкент пен Түркістан облысының Темірлан ауылында жұмыстар басталады. Риддердегі көпбейінді аурухананың, Өскемендегі гематология орталығының және Ақтаудағы жедел жәрдем станциясының құрылысы аяқталуда.

     Қазақстан біртіндеп өзінің дәрі-дәрмек өндірісіне көшуде. Бүгінде елімізде ДДҰ-ның өмірлік маңызды препараттар тізімінен 107 атау (37%) шығарылады. Алдағы жылдары тағы 178 препарат (63%) өндірісін жолға қою жоспарлануда, бұл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде стратегиялық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ол үшін жыл соңына дейін фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың кешенді жоспары бекітілетін болады.

       «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын іске асыру кезеңінде сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту арқылы денсаулықты сақтау мәселелері жөніндегі бірыңғай ұлттық саясатты қалыптастыру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілді.

      Қоғамдық денсаулық сақтау негіздері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен регламенттелген және оны денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде саламатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары (бұдан әрі - МСАК), медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылау қызметтері, сонымен бірге ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар іске асырады.

        Медициналық ұйымдардың медициналық техникамен жарақтандырылуы 25,5%-ға ұлғайды (2010 жылы - 43,2%, 2014 жылы - 67%): ауылдық - 72,6%, қалалық - 74,1%. Медициналық техникамен қамтамасыз ету үшін қаржылық лизинг тетіктерін енгізу басталды. Сонымен бірге, медициналық техниканың қолданылмай тұруы мен тиімсіз пайдаланылу фактілері байқалады, дәлелдік медицинаға негізделген жарақтандыру стандарттары әзірленбеген, кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету мәселесі шешілмеген.

 

      

 

 

Сұхбат

PhotoRoom