Шаруа Мырзахметовке саяси-идеологиялық жұмыс тапсырылды

Сараптама
08.08.2015, 18:53

Бүгiн Асқар Мырзахметов есiмi көп аталды. «Әкiм бол, халқыңа жақын бол» демекшi, халыққа жақын әкiмге айналғанын көпшiлiктiң жылы лебiзi мен оңтүстiк тұрғындарының қимас пiкiрлерiнен көрiп отырмыз. Біз бұрынырақ бұл саясаткердің саяси портретін жасағандай болғанбыз. Мына жерден оқуға болады. 

мырза

ОҚО басқарған жылдары Асқар Исабекұлы ауылшаруашылық саласының маманынан үлкен саясаткерге айналды. Бiрiншi кезекте Президенттiң үлкен сенiмi. Екiншiден оның қызметтiк серiктерi де Мырзахметов маңайына топтаса бiлдi. Кадр таңдауда қателескен жоқ. Ол таңдаған мамандар Астанаға өсiп келiп жатты. Аудан басқарған азаматтар депутаттық деңгейде қызмет атқарып жүр.

у2ли

Ол таңдаған кадрлардың бiрi - Берiк Уәли. Қатардағы журналист ең алдымен ОҚО әкiмiнiң баспасөз хатшысы болып барды. Сол кезде облыс әкiмi аппараты жетекшiсiнiң орынбасарлығы да сенiп тапсырылды. Облыстың, әкiмнiң оң имиджiн қалыптастырудағы Берiк Уәлидiң еңбегiн бүгiнде досы да, қасы да мойындайды. Саяси имидж қалыптастыру бизнестегi жарнамадан да күрделi дүние. Берiк Уәли бiр сұхбатында идеяларын Асқар Мырзахметовтың қолдап отыратынын айтқан болатын. Мысалы күллi Қазақстанға үлгi болуы тиiс деп Елбасы атап өткен Наурызды 9 күн тойлау идеясын ұсынған Берiк екенiн бiреу бiлсе, бiреу бiлмейдi. Қасиеттi Тәуелсiздiк күнi атап өтiлмей тұрып, шырша тiкпейтiн дәстүр де Мырзахметовтың ерiк-жiгерi мен Уәлидiң ақыл-ойының жемiсi. Бұл көпшiлiк көзiне ғана көрiнетiн Айсбергтiң су бетiндегi бейнесi ғана. Берiк Уәли кей кезде идеологиялық жөнiндегi әкiм орынбасары атқаруға тиiс шаруаларды да бiлек сыбана iстеп, өзге адамнан сұралуы тиiс мәселелерге басын тiгiп жауап берiп те жүр. Бiлетiндер, энергиясы тасыған еңбекқор дейдi. сол қатардағы журналист бүгiнде халқы көп облыстың iшкi саясаты мен дiн iстерiне жауап беретiн басқарма басшысы болып отыр. Өз еңбегiмен көтерiлдi. Жерлестiк, сыбайластық жоқ. Тiптi қандай да бiр кланның да қолдауына ие емес. Тек Мырзахметовтың кадр таңдаудағы көрегендiгi ғана.

Бас партияның негізгі жұмысы сөз жоқ саяси-идеологиялық. Демек, бизнес пен ауылшаруашылығы саласын мықты бiледi деп есептелетiн Асқар Мырзахметовке идеологияны да алып кетедi деген Президент тарапынан үлкен сенiм бар. Халық та оны қолдайды деп есептеуге болады. «Нұр Отанның» идеология бойынша хатшылығынан Ерлан Қарин сияқты тәжiрибелi саясаткер кеткеннен кейiн, ол жерде кiм отырғанынан көпшiлiк бейхабар боп қалды. Мырзахметовтың алдағы үлкен саяси науқандардан (ол бiр реттiк мерзiмдi) бөлек жұмысын көрсететiн осы идеологиялық сала. Кадр таңдаудан жаңылмай келе жатқан су жаңа Бірінші орынбасар бұл сынақтан да сүрінбей өтеді деуге болады...

Сұхбат

PhotoRoom