Фрэнсис Фукуяма «Батыс демократиясынан көңілім қалғаны қоспасыз шындық»

Рейтинг
25.09.2014, 12:30

 

Мойындауымыз керек, 2014 жыл демократия үшін жайлы жыл бола қоймады. Еуразияның екі шетіндегі супердержавалар – Ресей мен Қытай өздерінің ойын ережелерін қалыптастырып жатыр, Таяу Шығыста хаос орнады... Соңғы 25 жылда біз демократиялық институттарды құру, мемлекетті жемқорлықсыз басқарудың қиын екенін түсіндік.

25 жыл бұрын коммунистік блок құлағанда жаңа мемлекеттер батыстың басқару моделін қабылдайды деп айтқан едіңіз дейсіз бе? Әрине, Шын мәнінде барлығы да идеалды басқару үлгісіне жақындай алады. Бүгінде Араб көктеміне көпшілік ренжулі. Алайда ол тиранияға қарсы халықтың толқуы болып қана басталды. Дәл осындай жағдай Украинада да болып жатыр. Адамдар көшеге шығып, биліктен халық алдындағы парызын орындауды талап етеді. Мықты демократиялық институттарды құрудың ең бір қиын жері ол – осындай кезде басылып қалуы.

Азия елдеріне оның ішінде Қытайға қарап, үкімет халық алдындағы парызын өтеу үшін демократиялық болу міндетті емес дейсіз, иә ол дұрыс. Егер Қытайды Зимбабве немесе Солтүстік Кореямен салыстырсақ, Бейжіңнің авторитарлық режимі әлдеқайда тиімді. Бірақ ол болашақ үшін қауіпті. Себебі уақыт өткен сайын авторитарлық басқаруды місе тұтқан үкімет халықпен өзара байланыстан ажырай бастайды. Бұл жерде Қытай демократиялық Үндістанға қарағанда тиімді басқару жүйесін құру арқылы либералды демократияны идеологиялық тұрғыда бәске шақырып тұрғанын айта кету керек.

Мен ешқашан Америка еліктеуге тұратын негізгі үлгі деп қарастырмадым. Менің тұжырымдамам заң түптің түбінде Еуропалық Одақтағыдай, Америкадағыдай тізе батырар күшке негізделген саясаты жеңіп шығады дегенге саяды. Әйтпесе АҚШ емес пе еді әлемді күшпен өзгерткісі келген. Алайда АҚШ-тың Таяу Шығыста демократия орнатып, Сириядағы азаматтық соғысты тоқтатуға ресурстары да, ерік-жігері де жоқ.

Батыс демократиясына көңілім қалғаны қоспасыз шындық. Тіпті менің кітабым «Саяси тәртіп және саяси құлдырау» деп аталады. Ал мұндай құлдырауға АҚШ-ты үлгі етуге болады. Барлық саяси жүйе құлдырауға ұшырайды. Икемге келмегендіктен немесе элитаның саяси билікті жаулап алғысы келгендігінен.

Америкадағы трайбализм, дін, ксенофобия бұлардың бәрі демократияның табысты болуына ықпал еткен маңызды факторлар екенін мойындауым керек. Америкалықтар бүкіл әлемнің саяси жүйесін ынты-шынтысымен оқып патриот болған жоқ. Олар жай ғана сондай дәстүрлермен тәрбиеленді. Бәрі де дүниеге көзқарасты демократиялық институттардың жүйесіне әкеп түйіндеуге байланысты. Дүниеге көзқарастың өзі иррационалды элементтерден тұрады.

«Еуропа бүгінде саяси, экономикалық тұрғыда шаршаңқы, алайда бүкіл әлем этникалық, діни, ұлттық стимулмен қозғалып келе жатыр. Таяу Шығыс пен путиндік Ресейге қараңызшы» дейсіз. Рас, біз авторитарлы үдерістің бастауында тұрғанымыз анық. Бұл алаңдатпай қоймайды. Бірақ, бізде дауласуға негіз бар. Төрелігін өзіңіз айтыңызшы, егер 1970 жылы 35 сайланбалы демократия болса, 2014 жылы қандай жағдайлар болмасын бұл көрсеткіш 110-ға дейін жетіп отыр. Демек, әлемнің 2/3 (үштен екісі) демократиялық жағдайда өмір сүріп жатыр. Иә, мені бүгінгі тенденция қобалжытады. Бірақ мен демократиялық, ғаламдық экономика құндылықтарының осыдан 50 жыл бұрынғыдан қарағанда әлдеқайда кеңінен таралып отырғанына сенімдімін. Сондықтан, біз дұрыс жолмен келе жатқанымызға үміттенейік.

Мақала автордың BBC-ге берген сұқбаты негізінде әзірленді

 

Сұхбат

PhotoRoom