Карантин: Жаңаөзен сауналарында интимдік қызмет көрсеткен 16 қыз-келіншек ұсталды

Аймақ
06.08.2020, 14:58

Олардың арасында Өзбекстаннан келгендер де бар

Карантин: Жаңаөзен сауналарында интимдік қызмет көрсеткен 16 қыз-келіншек ұсталды
фотолар: polisia.kz

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында түнгі рейд шараларын жүргізген.

5-ші тамыз күні түнгі сағат 23.20-да вокзалдың жанында карантин режимінің шектеулі шараларына қарамастан жұмыс істеген сауна анықталды. Полицейлер саунаның әкімшісі мен 7 қызды ұстады. Ұсталғандарды кім екенін анықтау үшін Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына жеткізілген.

Кейін сағат түнгі 23.40 шамасында және 2-лерде «Шаңырақ», «Астана» шағынаудандарында жұмыс істеген сауналардан 9 әйел адам мен әкімшілер ұсталды.

Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың айтуынша, тексеру барысында қыздар моншаға келушілерге интимдік қызмет көрсеткен.

«Жеткізілген барлық қыздар «жезөкшелік» санатына есепке қойылды. Ұсталғандарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Олар бойынша материалдар Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді», - деді полиция басшысы Ж. Бақтыбаев.

Сұхбат

PhotoRoom