Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым жерде жер сілкінді

Әлем
22.03.2023, 01:02

Дүмпу Шымкент, Тараз қалаларында 3 балдық деңгейде сезілді

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым жерде жер сілкінді
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 21 наурыз сағат 22:47-де жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 16.1. MPV, магнитудасы - 7,8.
Эпицентр координаттары - 37,00°, солтүстікке қарай - 71,12° E. Тереңдігі - 120 км.

МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Шымкент, Тараз қалаларында 3 балдық деңгейде сезілді.

Сұхбат

PhotoRoom