Қазақстанның 8 жоғары оқу орны әлемдік рейтингке енді

Әлем
24.03.2023, 09:09

Тізімде ҚазҰУ және ЕҰУ да бар

Қазақстанның 8 жоғары оқу орны әлемдік рейтингке енді
Фото: kaznu.kz

Елдегі 8 жоғары оқу орны әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

22 наурызда жарияланған QS World University Rankings by Subject қорытындысы бойынша қазақстандық университеттердің топ-100 пәндік рейтингісі екі есеге өскен.

Бұл тізімде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сәтбаев университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті бар.

Сұхбат

PhotoRoom