Шымкентте егіс алқабынан 18 мың тоннаға жуық өнім жиналды

Рейтинг
06.08.2020, 18:54

Қалада жалпы ауылшаруашылығы мақсатында 62,6 мың гектар жер бөлінген

Шымкентте егіс алқабынан 18 мың тоннаға жуық өнім жиналды

Шымкент қаласында биыл егістік алқабынан 15 650 тонна өнім алынды. Оның ішінде 10 450 тонна дәнді дақыл, 5,2 мың тонна көкөніс пен бақша өнімдері, картоптың 2,1 мың тоннасы жиналды. Шаруалар майлы дақылдар мен мал азықтық дақылдарын, картоптың қалған бөлігін алдағы уақыттағы жиынға қалдырған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ауылшаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, ағымдағы жылы ауылшаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 27,6 мың гектарға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 мың гектарға артқан.

Дала жұмыстарына тракторлар, тұқым сепкіштер, жер қопсытқыштары, топырақ өңдейтін агрегаттардың 95 пайызға жуығы жұмылдырылып, егу мерзімдері толығымен сақталды.

Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына сәйкес 105 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда 74,5 млн теңгеге 1125 тонна тыңайтқыш субсидияланған.

Қалада жалпы ауылшаруашылығы мақсатында 62,6 мың гектар жер бөлінген. Егістік жер - 39,5 мың гектар болса, суармалы жерлердің көлемі 11 мың гектарды алып жатыр.

Сұхбат

PhotoRoom