ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КӨМЕК КЕРУЕНІН ЖӨНЕЛТТІ

Рейтинг
18.04.2024, 18:06
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КӨМЕК КЕРУЕНІН ЖӨНЕЛТТІ

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек түрлері әлі де жолданып жатыр. Еліміздің әр өңірі шама-шарқынша керек-жарақты түгендеп,  батыстықтарға жөнелтуде. Ол үшін қалада арнайы қабылдау пункттері де ашылған. Ел басына күн туғанда көмек қолын созудан қаладағы жоғарғы оқу орындары  да қапы қалмады. Шымкенттегі Тәшенов университетінің ұйымдастыруымен бес университеттің оқытушы пофессорлары бірігіп бес жүк көлігімен батыс өңіріне гуманитарлық көмек жолдады.  


– Қазақстандағы оқу орындары бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста. Біз ол жатағы университетке хабарласып, қазіргі уақытта жеткіліксіз заттардың, керек құралдардың тізімін алдық. Қазіргі уақытта ол жерге киім кешек, азық-түлік, санитарлық қажеттілік заттары, дәрі-дәрмектер жеткізілген. Алайда су тартатын насостар, резеңке етік, құм салатын қаптар, күрек сияқты құрылыс заттары әлі де тапшы екен. Университет қызметкерлері  бірігіп,  бір күндік жалақымызды  аударып, осы аталған тізім бойынша керек жарақтарды алдық. Жалпы әр жүк көлігінде 10-12 тонна гуманитарлық заттар бар. Енді осы көмек күші аман-есен жетіп, халыққа пайдасы тиіп, осы апаттың ертерек сейілгенін тілейміз, – деді Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің проректоры Баршагүл Қашқынқызы. 


Сондай-ақ жүк көлігіне  азық-түліктен бөлек  150 көрпе, жастық, көрпеше, балалар жөргегі, құрылыс заттары тиелген.  


Айта кетейік, мұнан бөлек Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ университетінің басшылығы бұған дейін Арқалық қаласындағы 21 студенттің оқу ақысына 6 миллионға жуық қаражат аударған.

Сұхбат

PhotoRoom