Ақтөбе және Қостанай облыстарының әкімі ауыса ма?

Жаңалықтар
11.09.2015, 12:12

Бүгін Қостанай және Ақтөбе облыстарының әкімдерін ауыстыру мүмкін деп хабарлайды newskaz.ru.

Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасовтың саунада концерт қойғаны туралы ақпарат гу-гулеп жатыр. Әзірге оған ресми түрде үн қатқан ресми тұлға көрінбейді. "Үндемегені келіскені" қағидасына салып әлеуметтік желілерде халық Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерін есекке теріс мінгізіп жатыр. Нұралы Садуақасов басқаратын облыстың орталығы Қостанай қаласының әкімі Ахметбек Ахмеджановтың күдікті ретінде қамауға алынғаны туралы жазғанбыз. Мүмкін осы оқиғалар Садуақасовтың отставкасына көрініп тұрған шығар.

Ал Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қарым-қабілеті жайлы оған берген саяси портретте жазған болатынбыз. Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды деп, Ұлы той қарсаңында болуы мүмкін ауыс-түйісті күтейік...

Сұхбат

PhotoRoom