ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШИЕЛЕНІСТЕРДІ РЕТТЕУДЕ ЕЛЕУЛІ ЫҚПАЛЫН ТИГІЗДІ...

Әлем
26.11.2018, 12:21

 

Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық сыртқы саяси бастамаларының маңызы артып келеді. Бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған халықаралық парламенттік конференцияда бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҚР Президентінің сыртқы саяси бастамалары Қазақстан ұстанымының белсенді әрі теңдестірілген маңызды тетігі болып отыр. Бұл бастамалар әлемдік қоғамдастық қатысушылары тарапынан қолдауға ие болуда», - деді Қ. Әбдірахманов. Сонымен қатар, министр өткен жылдар маңызды оқиғаларға толы болғанын атап өтті. «Сыртқы саясатта өзгерістер көп болды. Тәуелсіз Қазақстан одан әрі нығая түсті. Әсіресе, елордамыз Астананың 20 жылдығының ауқымды халықаралық деңгейде тойлануын атап өтуге болады. Қазақстандық дипломатияның біртіндеп дамуы, біздің халықаралық арендағы рөліміз, ішкі саяси-экономикалық реформаларымыз елорданың дамуына оң әсерін тигізіп отыр деп үлкен сеніммен айтуға болады. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс жүргізген сыртқы саясатының арқасында Қазақстан халықаралық аренада тұрақтылық генераторы, қарқынды гүлдену, даму моделі ретінде қабылданады», - деді Сыртқы істер министрі. Осы орайда, ол Қазақстанның бірде-бір мемлекетпен екі жақты деңгейде де, көпжақты форматта да проблемасы жоқ екенін еске салды.

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Астана - жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы» тақырыбында халықаралық парламенттік конференция басталды. Конференция барысында Өзбекстан Олий Мажлисінің спикері Нуриджон Исмоилов Елбасы мақаласына қатысты пікір білдірді

Сонымен қатар «Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігі кезінде халықаралық шиеленістерді реттеуде елеулі ықпалын тиігізді» деп мәлімдеді Литва Республикасының Сеймі төрағасының орынбасары Ремигиус Жемайтайтис. «Қазақстан Орталық Азия елдері арасында өзінің маңызды географиялық жағдайымен, мәдениетімен, табиғи ресурстар байлағымен ерекшеленіп тұр. Атап айтқанда, Қазақстан Литваның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі. Біздің елдер табысты түрде дамып келеді және өзара достық қатынастар мен екіжақты саяси диалог орнатылған», - деді Р. Жемайтайтис. Осы орайда, екі ел арасында бірқатар салаларында елеулі жобалар бар екенін атап өтті. «Қазақстан ЕО-ның маңызды серіктесі екенін білесіздер. Ядролық қарудан бас тартқаннан кейін, Қазақстан Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етіп келеді. Сонымен қатар, Литва елі де осы өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің сақталуына жанашырлықпен қарайды. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігі кезінде халықаралық шиеленістерді реттеуде және лаңкестікпен күрес бағытында елеулі ықпалын тигізді», - деді ол. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Астана - жаһандық

интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы» тақырыбында халықаралық парламенттік конференция басталды Конференция барысында Өзбекстан Олий Мажлисінің спикері Нуриджон Исмоилов Елбасы мақаласына қатысты пікір білдірді. Сонымен қатар, Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Мустафа Шентоп Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы өз ойын айтты.

 

 

 

Сұхбат

PhotoRoom