Australian Open финалында жеңілген қазақстандық теннисші 1,1 млн доллар табыс тапты

Әлем
28.01.2023, 21:00

Ол ел тарихында әлемнің 10-ракеткасы атанатын алғашқы теннисші болмақ

Australian Open финалында жеңілген қазақстандық теннисші 1,1 млн доллар табыс тапты
фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Australian Open финалында жеңілген қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жарыс қорытындысы бойынша рейтингі 1 300 ұпай болатын нәтиже көрсетті. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Елена Рыбакина дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингте ел тарихында алғаш рет 10-ракетка атанатын теннисші болады.

Қазақстандық теннисші Australian Open турниріндегі жекелей және жұптық сынды қоса есептегенде, осы «Үлкен дулыға» турнирінде 1 млн 143,5 мың АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.

Өкінішке қарай, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2023 финалында жеңіліп қалды. Үш сағатқа созылған финалда Беларусь теннисшісі Арина Соболенко басым түсті.

Рыбакина Үлкен дулыға турнирінің финалында 1 300 ұпай жинады, қазіргі ұпайы 2 815 болды. Ол Аустралиядағы турнирге дейін 25-орында тұрды, ал карьерасындағы ең үздік нәтижесі 12-орын болды.

Сұхбат

PhotoRoom