Пәкістанда 10 оқушы суға батып кетті

Әлем
29.01.2023, 17:26

11 оқушы құтқарылған, олардың алтауының жағдайы ауыр

Пәкістанда 10 оқушы суға батып кетті
фото: dw.com

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында оқушыларды Танда көлі арқылы тасымалдап бара жатқан кеме аударылды. Deutsche Welle агенттігінің мәліметінше, 11 адам құтқарылған.

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында оқушыларды Танда көлі арқылы тасымалдап бара жатқан шағын кеме аударылып, 10 оқушы мерт болды. The Times of India басылымының 29 қаңтар, жексенбі күні жергілікті полиция өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, марқұмдардың жасы 7-14 жас аралығында болған.

Билік 11 бала құтқарылғанын, оның алтауының жағдайы ауыр екенін мәлім етті. Полиция өкілдерінің түсіндіруі бойынша, діни мектептің 25-30 оқушысы кемемен экскурсияға шыққан.

Сұхбат

PhotoRoom