Энтони Блинкен Қазақстанға 28 ақпанда келеді
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға қарай жолға шықты. Бұл туралы мемлекеттік хатшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Бүгін Қазақстан, Өзбекстан және Үндістанға қарай жолға шықтым. Бұл – менің Қазақстан мен Өзбекстанға мемлекеттік хатшы ретінде жасайтын алғашқы сапарым. Орталық Азиядағы әріптестік қатынастарымыз дамиды деп ойлаймын. Сол жерден Үндістанға G20 министрлер жиналысына барамын», - деп жазды Энтони Блинкен Twitter парақшасында.
Айта кетейік, Энтони Блинкен Қазақстанға 28 ақпанда келеді.
Астанада мемлекеттік хатшыны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді, - делінген СІМ таратқан ақпаратта.
Сол күні Астанада Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы министрлік кездесуі өтеді.
Жиында өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелері талқыланады.