Олжас Құдайбергенов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды

Саясат
20.07.2020, 12:03

Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады

Олжас Құдайбергенов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды
Фото: ашық дереккөзден

Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты.

«Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты», - деп жазды Берік Уәли

Ол 2019 жылдың 7 желтоқсанында Президенттің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі болды. 

Сұхбат

PhotoRoom