Наурыздан бастап қазақстандықтар үшін қосымша консультациялар талап етілетін елдер тізімінде болады
1 наурыздан бастап Қазақстанға Шенген визасын беру кезінде бұдан былай қазақстандықтар үшін қосымша консультациялар талап етілетін елдер тізімінде болады. Сонымен қатар, Шенген келісімінде «қара» немесе «қызыл тізім» деген ұғым жоқ. Бұл әдеттегі жұмыс процесі туралы айтылған. Мұндай талапты біз түсінгендей Шенген келісімінің бір елі сұратқан. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
«ЕуроОдақ пен Шенген келісіміне енетін елдер виза алуға өтініш берген үшінші елдің азаматтарына қосымша консультация өткізуге құқығы бар. Ол консультация 7 күнге созылады. Іс жүзінде Қазақстан азаматтары үшін визаларды қарау рәсімінде қандай да бір өзгеріс болмайды. Азаматтарға қатысты қосымша консультация басталуы мүмкін 40 ел кіретін тізім «қара тізім» деп аталмайды»,- деді СІМ өкілі.
СІМ өкілінің айтуынша, аталған тізімге ЕуроОдақпен тығыз қарым-қатынастағы Әзербайжан, Вьетнам, Армения, Тунис сынды көптеген мемлекет кіретінін атап өтті.
Айбек Смадияров Қазақстанның Шенген визасын алу жөнінде «қара тізімге» енгені туралы ақпаратты түсіндірді.
«Қазақстанның қандай да бір тізімге енгізілгені туралы мәселеге тоқталайын. Біз еуропа тараптан ресми хабарлама алған жоқпыз», - деді Айбек Смадияров.