Лионель Скалони биылғы жылдың үздік бапкері атағына ие болды
Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) Аргентина құрамасы мен ПСЖ клубының шабуылшысы Лионель Мессиді 2022 жылдың үздік ойыншысы деп таныды.
Лионель Месси ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атағын осымен екінші мәрте жеңіп алды. Бұған дейін ол сыйлықты 2019 жылы алған болатын.
Айта кетсек, былтыр Лионель Месси Катарда өткен Мундиальда Аргентина құрамасымен бірге алғаш рет әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ 2022 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы деп танылды.
The FIFA Best жеңімпаздарын әлемдік БАҚ өкілдері, ұлттық құрамалардың бапкерлері мен капитандары, сондай-ақ ФИФА сайтына кірушілер дауыс беру арқылы анықтайды.
Аргентина құрамасымен 2022 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алған Лионель Скалони биылғы жылдың үздік бапкері атағына ие болды. Үздік қақпашы – аргентиналық Эмилиано Мартинес.