Ол Ташкент қаласының діни орталығы Хаст-Имам алаңында болды
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Өзбекстанға барды. Ол Ташкент қаласының діни орталығы Хаст-Имам алаңында болды. Алаңды мемлекеттік хатшыға жүкті келіншек таныстырды.
«Өзбекстан тарихы мен мәдениетінің тамаша үлгісі Ташкенттегі Хаст-Имамға бару мен үшін үлкен мәртебе. АҚШ Өзбекстан үкіметімен оның баға жетпес мәдени мұрасын сақтаудағы ынтымақтасуды мақтан тұтады», - деп жазды Блинкен.
Айта кетейік, Энтони Блинкен Астанаға ресми сапармен келген кезде Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.
Мемлекет басшысы америкалық дипломатқа ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық байланыс орнаған уақыттан бері екіжақты және көпжақты форматта өзара тиімді іс-әрекеттер жолға қойылғанын атап өтті.