Президент Сәтпаев қаласындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді

Жаңалықтар
24.07.2020, 12:05

Сондай-ақ Шорнақ ауылындағы жанжал бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды

Президент Сәтпаев қаласындағы жағдайға байланысты кеңес өткізді
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты Президент Әкімшілігінің басшылығымен, Түркістан және Қарағанды облыстарының әкімдерімен, құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Дер кезінде қабылданған шешімдердің арқасында Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақталды. Тәртіпсіздіктің қайталануына ешқандай себеп жоқ. Президент жағдайды бақылауда ұстап, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ел ішіндегі тұрақтылықты бұзуға талпынған арандатушылардың алдын алуды, құқық бұзушыларды заң аясында жауапкершілікке тартуды тапсырды. Сонымен қатар ол аталған аймақтардағы халықтың ең басты әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне назар аудару керек екенін айтты. Ал құқық қорғау органдарына кәмелет жасына толмаған қызды зорламақ болды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының тұрғынына қатысты тергеу жұмыстарын жан-жақты жүргізіп, оның қорытындысы туралы жұртшылыққа нақты ақпарат беру туралы тапсырма берді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде күні Сатпаев қаласында 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Дереу іздестіру нәтижесінде бүлдіршін қаладағы бір үйден табылды. Жас қызды зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынды.

Сондай-ақ 20 шілде күні Түркістан облысы Шорнақ елдімекенінде ішімдік ішкен азамат өз ауылдасына қоқан-лоққы көрсеткендіктен екі тараптың арасында төбелес басталған.

Сұхбат

PhotoRoom