Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен барды

Әлем
16.03.2023, 09:15

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысады

Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен барды
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорда.

Ол Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысады, онда табиғи және техногендік апаттар жағдайында гуманитарлық көмек көрсету мәселесі қаралады.

Сапар барысында мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom