Алматы облысында денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Аймақ
05.08.2020, 18:49

Өмірзақ Ниязбеков еңбек жолын Үшарал қаласынан бастаған

Алматы облысында денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
фото: gov.kz/memleket

Алматы облысы әкімінің өкімімен Өмірзақ Әбілсейітұлы Ниязбеков облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Өмірзақ Әбілсейітұлы Ниязбеков 1966 жылы туған. Алматы мемлекеттік медициналық институтын дәрігер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында Алакөл аудандық орталық аурухананың хирургиялық бөлімінің хирургы болып бастаған.

Әр жылдарда Үшарал қалалық орталық ауруханасының хирургиялық бөлімінің бөлім меңгерушісі, Алматы қаласында «Түрксіб санаториі» ААҚ бас директоры, «№7 қалалық клиникалық аурухана» МКҚК хирург-дәрігері, «Емдеу-диагностикалық орталығы» МКҚК амбулаторлық-емханалық бөлімшесінің хирург-дәрігері, Қарасай ауданы Қаскелең қаласында «Қарасай ауданының орталық ауруханасы» МКҚК директорының ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Алматы қаласында «Алматы аймақтық онкологиялық диспансері» ШЖҚ МКК әдістемелік-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болған.

2018 жылдың шілде айынан – Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасары.

Сұхбат

PhotoRoom