Лондон және Лиссабонда дауыс беру учаскелері ашылды

Әлем
19.03.2023, 15:03

Қазақстандықтар әлемнің 62 елінде дауыс бере алады

Лондон және Лиссабонда дауыс беру учаскелері ашылды
Фото: Halyq Uni

Лондон және Лиссабон қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін ведомство Вильнюс, Тель-Авив, Афины, София, Бухарест, Таллин, Хельсинки, Рига, Каир, Претория, Берлин, Париж, Мадрид, Варшава, Вена, Брюссель,Берн, Прага, Будапешт, Рим, Гаага, Братислава, Загреб, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Рабат, Осло және Стокгольмда сайлау учаскелері ашылғанын хабарлады.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтары 19 наурызға белгіленген парламент сайлауында әлемнің 62 елінде дауыс бере алады. 

Сұхбат

PhotoRoom