Елордада салынатын жаңа арбаттың эскизі жарияланды

Аймақ
07.08.2020, 13:17

Жаңа арбат «Жастар» сарайына қарама-қарсы беттен орын теппек

Елордада салынатын жаңа арбаттың эскизі жарияланды
фото: astana.gov.kz

Жаяу жүргіншілерге арналған Ж.Омаров көшесінде 2 субұрқақ салу жоспарланған. Бұл туралы Нұ-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Бүгінгі таңда Ж.Омаров көшесі Республика даңғылынан Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрына дейін абаттандырылуда. Бірінші кезең – Әуезов көшесіне дейінгі аймақ биыл аяқталады. Бейбітшілік көшесіне дейінгі бөлікті келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Жоба бойынша Республика даңғылынан Әуезов көшесіне дейін субұрқақты қайта құру қарастырылған.

Жаңа субұрқақ кешені «Халықтар Достығы» монументінің айналасында салынады. Одан субұрқақпен аяқталатын жасанды ағын пайда болады. Ағынның бойында су аттракциондарын салу жоспарлануда.

Тағы бір субұрқақ Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрының жанында пайда болады.

Бұл аумақта шағын сәулет нысандары, инсталляциялар, веложол, көлеңкелі шатырлар қойлады. Сауда павильондарын, ойын аймақтары мен балалар алаңдарын салу қарастырылған.

Бұл жұмыс «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жоспары шеңберінде жасалуда. Ол жаяу жүргіншілерге жағдай жасау, көп орталықтылыққа бағытталған тәсілдерді енгізу, жасыл желектер мен веложолдар санын ұлғайту, көпірлер, қоғамдық кеңістіктер салуды қарастырады.

Сұхбат

PhotoRoom