Қазақстанда қанша шетелдік көлік заңдастырылды

Әлем
27.03.2023, 12:01

Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады

Қазақстанда қанша шетелдік көлік заңдастырылды
Фото: Sputnik.kz

Ішкі істер министрлігі екі айда заңдастырылған шетелдік көліктердің санын жариялады.

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, 23 қаңтардан бері республика бойынша 69 мыңнан астам көлік заңдастырылды.

Соның ішінде 67 пайызы – Ресей Федерациясынан, 19 пайызы – Армениядан, шамамен 10 пайызы – Қырғызстаннан, ал 2 пайызы Грузиядан әкелінген, - деді Сұлтанбаев.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстан азаматтары елге әкелген шетелдік жеңіл көліктерді, шағын және орта көлемді автобустарды, шағын жүк көліктерін, басқару жабдықтары оң жақта орналасқан көліктерді заңдастыра алады:

  • көлік криминалдық есепте болмауы керек;
  • басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуға тиіс;
  • кедендік тазартудан өтуі керек (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік болса).

Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Сұхбат

PhotoRoom