Шымкентте мемлекеттік қолдаудың арқасында мал басы көбейіп келеді

Экономика
13.08.2020, 21:16

Қазір бордақылау алаңында 1500 бастан аса ірі қара мал сойылып жатыр

Шымкентте мемлекеттік қолдаудың арқасында мал басы көбейіп келеді

Шымкент қаласында «Қарапайым заттар экономикасы арқылы» қаржылай көмек алып, шаруасын дөңгелетіп отырған шаруа қожалықтары көп. Есепті кезеңде мал басы мен өнімділіктің өсуі байқалып отыр. Мәселен, ірі қара малдың саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,6 пайызға артып 82,7 мың басты, қой мен ешкі 5,7 пайызға артып 112,3 мың басты, ал құс 8 пайызға артып, саны 972,1 мың басқа жеткен.
Көрсеткіштердің өсуін шаруалар мал шаруашылығын қолдау мақсатында берілген субсидия және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен берілген қолдаудың нәтижесі деп біледі.

Қазірде жүйелі жұмыстарды жүргізудің нәтижесінде осы жылдың бірінші жартыжылдығында ет 1,5% артып, 8,4 мың тонна, сүт 2,8% артып, 25,7 мың тонна, жұмыртқа 23,1% артып 74,1 млн дана өндірілді.

Мемлекеттен қаржылай қолдау алып ет бордақылау кәсібін дөңгелетіп отырған «Ет өнімдері KZ» ЖШС-нің жұмысымен бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып танысты. Қаратау ауданы, Мәртөбе тұрғын алабында орналасқан шаруа қожалықтың жалпы аумағы 5,5 га құрайды. Сыйымдылығы 3 мың бастық бордақылау алаңында қазірде 1500 бастан аса ірі қара мал бордақыланып жатыр.

Мал бордақылау алаңының жұмысымен таныстыру барысында серіктестік иесі өткен жылы бұқашықтарды бордақылау құнын арзандату бойынша мемлекет тарапынан 148,1 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілгенін атап өтті. 

Сонымен қатар, 2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 100 млн тг несие алып, шарушылығын кеңейтіп жатқанын жеткізді.

Бұдан бөлек, әкім аталған тұрғын алабында орналасқан ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуші, негізінен сүт өнімдерін өңдеумен айналысатын «ЭМ-НУР» ЖШС-гінде болды. 

Кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 6 600 тонна сүтті қайта өңдеп, 550 тонна қатты ірімшік өндіруге бағытталған. Бұл кәсіпорын биылғы жылы 262 тонна қатты ірімшік өңдірісіне - 87 987,3 мың теңге субсидия алған.

Сондай-ақ қала әкімі аумағы 2,2 гектарды құрайтын «Иляев» ЖК өндірістік жылыжай кешенін аралап көрді. Кешеннің жылдық қуаттылығы 800 тонна қызанақ өндіруге бағытталған. Қазіргі таңда 600 тонна өнім жиналыпты. Егілген қызанақ сорттары: «Мерлис» және «Пембе». Кәсіпкердің өндірістік жылыжай кешенінің құруға жұмсаған шығынына мемлекет тарапынан 139 256,0 мың теңге қолдау көрсетілген.
Мұрат Әйтенов салаға жауаптыларға жылыжайды ұлғайту үшін бағбанға қосымша жер беруді тапсырды.

Сұхбат

PhotoRoom