Өзбекстан шекараны ашқан жағдайда Қазақстанмен экономикалық тұрғыда бәсекелесе алмайды. Бұл туралы Өзбекстанның алдағы уақытта Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты болашағы жайлы пікір айтқан саясаттанушы Рустам Бурнашев мәлімдеді.
Оның айтуынша, бірнеше жыл бұрын Ислам Кәрімов әртүрлі экономикаларды араластыруға болмайды деп бекер мәлімдеме жасаған жоқ. Себебі Өзбекстан өндіріске негізделген экономика болса, Қазақстанда қаржы секторы мықты.
Бурнашев осы тұрғыдан алып, Еуразиялық экономикалық одаққа енуден Өзбекстан ұтылмаса, ұтпайды деп есептейді. Өйткені, өзбек бизнесмендер біртіндеп бәрін сатып алатын қазақстандық олигархтармен бәсекелесе алмайды.
tengrinews.kz