Әміржан Қосанов ақпараттық қауіпсіздік жайлы

Рейтинг
01.07.2015, 10:58

Ресейлік РБК телеарнасы Қазақстанға келіп, жергілікті контент жасайды деген хабар жетіп жатыр. Сөз жоқ, жақсы арна, өзім жаңалықтары мен сараптамаларын үзбей қарап отырамын. Ресмиленіп, қатып-семіп қалған басқа ресейлік телеарналардан көш ілгері. Онда балама ойлар айтылып, аракідік оппозиция өкілдері де бой көрсетіп қалады.

Бірақ көңілде үш түрлі дық бар.

Біріншіден, оның басшылығына КТК-дан адам келгелі жатыр екен. Ал ол арнаның кімдікі және қандай екені баршаға аян.

Екіншіден, неге біз әлемдік деңгейдегі Евроньюс, Би-Би-Си, Си-Эн-Эн секілді беделді телеарналарды елге шақырмаймыз?

Үшіншіден, осындай форматты телеарнаны біздің отандық бизнесмендер неге ашып алмайды?

Өйткені қалай болғанда да ол шетел арнасы емес пе?

Қазір прогрессивті болғанымен, ертең оның ресейдегі құрылтайшыларын Кремль "сындырып", дегеніне көндіріп, антиукраиндық, антибатыстық тағы бір теленасихатшыны өз үйімізге кіргізіп алған боп шықпаймыз ба?

Саясаткер Әміржан Қосановтың facebook парақшасынан алынды. 

Сұхбат

PhotoRoom