"Нұр Отанның" қолдауымен «SarapTime» сараптамалық клубының кезекті отырысы өтті

Рейтинг
16.10.2015, 17:30

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институтының қолдауымен «SarapTime» сараптамалық клубының кезекті отырысы Астана қаласында «Қазақстан және БҰҰ: Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ғаламдық  Стратегиялық Бастама – 2045 жоспары» тақырыбында өтті.

«SarapTime» Сараптамалық клубының отырысына белгілі  саясаттанушылар, халықаралық қатынастар бойынша сарапшылар, ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері, заң шығарушы және атқарушы билік, үкіметтік емес ұйымдар мен дипломатиялық миссия өкілдері шақырылды.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының Кеңесшісі Берік Уәли отырысты ашып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасына қатысты ой-пікірімен бөлісті. «Қазақстан басшысының баяндамасы жаһандық түйткілді мәселелерді көтеруімен ерекшеленді. БҰҰ орталығын Азияға көшіру идеясы, тағы басқа соны идеялары халықаралық ұйымды реформалауға мүмкіндік береді. Халықаралық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарын қадағалап отырдық. Сонда байқағанымыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының ұсыныстарын қызу талқылады. Ал отандық масс-медиада Президенттің қазақша баяндама жасауы жоғары бағаланды» деді.

БҰҰ  Бас  Ассамблеясының 70 сессиясы тек халықаралық заманауи саясаттың кең ауқымды мәселелері, дауларымен ғана емес, сонымен қатар,  елдер арасындағы дағдарыстық үрдістен өту және ХХІ ғасырдың ғаламдық  және ықпалды тетігі ретінде рөлін күшейту  бойынша нақты ұсыныстар мен бастамаларымен сарапшылар қауымдастығының назарын аударған болатын.

20151610160107

Экономист Қанат Оспанов Елбасының ғаламдық стратегиялық бастамалары әлемдік экономиканы сауықтандыру идеясынан шығып отырғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, Президенттің бастамалары бір бірімен сабақтасып жатады. Мемлекет басшысының көптеген ұсынысының төркіні осыдан біраз уақыт бұрын жазылған «Дағдарыс кілті» деген мақаласында жатқанын айтып берді.

20151610160144

Халықаралық сарапшылар мен саясаттанушылардың пікірі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі әлемдік тәртіптегі Біріккен Ұлттар Ұйымының орны мен рөлін қайта саралауға арналған өзі ұсынған «Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспары» ерекше маңызды. Аталмыш бастаманың басты мақсаты – «әлемге дүниежүзілік инфрақұрылымдар, ресурстар мен нарықтар, сонымен қатар, адамзаттың дамуына жалпыға бірдей жауапкершілікке барлық ұлттардың  әділетті жағдайларда қол жеткізу негізінде әлемге дамудың жаңа трендін енгізу».

Бастама негізі – нақты қадамдар мен әрекеттер ұсынылып, соның ішінде БҰҰ ұйымдастырушылық реформасы, ядролық  қарудан бас тарту, әлемдік бірлестік мүшелері – барлық мемлекеттермен ұйымның негізгі қағидаларын нақтылау, лаңкестік пен экстремизмнің барлық көрінісіне қарсы тұру, сондай-ақ, жаңа баламалы қуат көздерін дамыту.

Сұхбат

PhotoRoom