Облыстар да сыртқы саясатпен айналыса ма?

Рейтинг
19.06.2014, 13:01

 

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстан өңірлерінде елдің сыртқы саяси ведомствосының өкілдіктерін ашуды ұсынды.

      «Қазақстан Республикасының шекара маңы ынтымақтастығының сапасын арттыруға қатысты Ерлан Ыдырысов Қазақстан өңірлерінде Сыртқы істер министрлігінің өкілдіктерін ашуды орынды екендігін атап өтті», - делінген  ҚР СІМ басшылық құраммен өткізген кеңесінің қорытындысы бойынша аталмыш ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

      Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, мұндай тәжірибені көптеген елдер қолдануда. «Мұны енгізсек, Қазақстан өңірлерінің көршілес мемлекеттер аймақтарымен ынтымақтастығын дипломатиялық қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік туады», - деп санайды министр.

       Осыған қатысты саясаттанушы, дипломат Расул Жұмалының пікірін білген едік. Оның айтуынша, рас біздің елде атқарушы билік ішінде бірізділік жоқ. «Мысалы, былтыр туризмге жауапты комитет Қытаймен арадағы визалық режимді аламыз деп мәлімдегенмен, кейін Сыртқы істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты», дейді саясаттанушы.

    Сарапшы Америка Құрама Штаттарында сыртқы істер ведомсвосы атқарушы органдағы өзге министрліктер мен департаменттерден мәртебесі биік екенін тілге тиек етіп, «бірақ олардың қандай да бір өкілдіктері Мексикамен, Канадамен шекаралас штаттарында жұмыс істейді дегенді естімеппін. Бәлкім бар да шығар. Сыртқы істер министрлігінің деңгейін тек қана кадр проблемасын шешу арқылы ғана реттеуге болады. Иә, ел аймақтарында өкілдіктер ұстау Ресейде бар. Бірақ ол - федеративті мемлекет. Біздегі жағдай басқаша. Сондықтан министрдің бұл ұсынысын түсінбеймін» дейді Расул Жұмалы.

 

Сұхбат

PhotoRoom