Сарапшымен кездесу өтті

Рейтинг
12.02.2016, 11:26

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында отандық белгілі саясаткер, шығыстанушы Расул Жұмалымен кездесу өтті. Аталған шараны ҚСЗИ «Сарапшымен кездесу» жобасы аясында «Қоғамдық пікір» зерттеу институтымен бірге ұйымдастырды.

Кездесу барысында Расул Жұмалы «Таяу Шығыстағы шиеленістер: жаһандық және аймақтық аспектілер» тақырыбында баяндама жасады. Ол аймақтағы үдерістердің ерекшеліктері мен оның пайда болу себептеріне кеңінен тоқтала кела келіп, еліміздегі дәстүрлі емес діни ағымдар мен радикалды топтардың қазіргі жағдайын, олардың әсерін жоюдың жолдары туралы өз пікірін білдірді.

Сондай-ақ сарапшы Сирияның қазіргі жағдайы мен осы шиеленістегі сыртқы ойыншылардың рөліне талдау жасады. Сарапшының айтуынша, қазір біздің қоғамда Сирия үдерісіне Батыс елдері үлкен әсерін тигізіп отыр деген біржақты көзқарас бар. Осы жерде аймақтағы шиеленіске белгілі бір ықпалы бар басқа да үміткерлер мен қатысушылардың бар екендігін де айта кеткен жөн деді.

Сұхбат

PhotoRoom